Гарри Поттер қалай пайда болды?

Oinet.kz 30-11-2020 1201

Гарри Потер киносын көріп, қиялға ерік беріп, тылсым әлемге талай мәрте енгіміз-ақ келген. Теледидардан көргенімізбен кітабын қолға алып оқығандар сирек шығар. Джоан Роулинг есімді британдық жазушы Гарри Поттер жайлы 7 романның авторы. Жазушы қаламынан шыққан туынды бірнеше сыйлықтарды жеңіп алған. Кітаптың барлығы 500 миллионнан астам данасы сатылған.

Хәрри Поттер.jpg

Идея 1990 жылы Манчестерден Лондонға қарай жол тартқан пойызда келеді. Пойыз Орталық Англиядағы тауда 4 сағатқа кідіреді. Осы кезде оның ойына жетім бала, сиқыршылар мектебі мен магияға толы әлем келеді. Джоан мұның үлкен романның негізі екенін түсінеді. Алайда ойды іске асыруға біраз уақыт қажет болды.

Роулинг Портуға барып, кешкі уақытта француз тілінен сабақ береді. Ал күндіз кітап жазады. Жұмыс ойындағыдай жүрмейді. Ол португалиялық журналистке тұрмысқа шығады.1993 жылы Англияға қайта оралады. Бұл уақытқа дейін жазушы бар жоғы 3 тарауды ғана жазып үлгерген еді. Қиын жағдайда өмір сүргенімен, Роулинг кітапты аяқтауға бел байлайды. Осылайша 1995 жылы алғашқы кітабын жазып шығады. Алдыда кітапты басып шығару ісі тұрды.

1997 жылы «Bloomsbury» баспасынан Джоанның алғашқы кітабы 1 000 данамен басылып, таралады. Алғашқы тиражы үлкен болмады. Дегенмен ол кітапты жалғастыру үшін 8 000 фунтқа тең грантты жеңіп алады. Бұл жетістіктен соң ол үш жылда үш кітапты жазып шығады.

Ал біз тамашалаған кино туынды кітаптан соң 2001 жылы көрерменге жол тартты.

Номофобия деген не?
Патша асы саналған тағам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу