Сүйікті түсіңіз қандай?

Oinet.kz 05-08-2019 1145

Screenshot_9.jpg

 Қызыл - белсенділік пен өмірлік күш-қуаттың түсі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік-жігерлі адамдар ұнатады. Олар дегеніне жеткісі келсе, алдынан кездескен қандай кедергіден де қорықпайды.  Қызба, әсершіл, өздерін ұстап тұра алмайтындай қызуқанды келеді.

 Қызғылт - жалынның түсі. Олар өте жарқын, айрықша адамдар, көптің ішінен ерекшеленіп тұрады. Жұрттың назарын тез өзіне аударып ала қояды. 

 Сары - жылу мен жарықтың түсі. Белсенді, көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынғыш адамсың. Сен бәрінен де өз еркіндігіңді биік қойып, әр түрлі оережелер мен шектеулерді жек көресің. 

 Жасыл - халықтық сенім бойынша, тыныштылық пен тұрақтылықтың түсі. Ұнататын жұмыстарына олар беріле кірісіп, барлық күш-жігерін жұмсайды. Олардың достары көп емес, дегенімен, айналасындағылар құрметпен қарайды. 

 Теңіз суындай көкшіл түсті - табиғи болмысы айрықша адамдар таңдайды. Олардың бойында қиялшылдық, өмірге бейімділік, ұстамдылық, қызбалық, кеңпейілділік пен өзімшілдік қасиеттері үйлесім тапқан.Олар тартымды, егер қаласа, кез-келген адамның сүйіспеншілігіне де бөлене алады. Осы қасиеттеріне орай олар кез-келген жерде танылып, өз тобында немесе сыныбында жетекшілікке дейін көтеріле алады.

  Көк түсті ұнататын адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын кісілер. Ондай кісілер достықты бағалап, махаббатты бәрінен жоғары қояды. 

 Күлгін -ойшылдардың түсі. бұл түсті таңдағандар - зиялы, байсалды, ұстамды, шыдамды келеді. Олар айналасындағыларға қамқор, ілтипаты және өзгелердің өмір-тіршілігін қызыға бақылап жүреді. наным сенімдер мен құпияларға құмар келеді. 

 Сұр түс - ұстамдылықтың рәмізі. Бұл түсті ұнататындар жандар сыр мінезді келеді, сезімін сыртқа шығара бермейді. Олар көзге түскенді, көпшіліктің қалың назарында болғанды ұнатпайды. Олардың достары да аз болады. Қисынды ойлау қабілеті басым. Өте жауапты, ұқыпты, кейде ұсақ-түйекті де елеп-екшейді. 

 Қара түс- жұмбаққа толы. Оларды түсіну қиын. Ішкі жан дүниесі бай, айрықша тұлғалар. Кейбіреуінің өмірге көңілі толмай, жабығып, мұңаюға бейім келсе, өзгелері керісінше, аса ұстамды, төзімді. 

 Қоңыр түсті - байсалды, саналы, ісіне тыңғылықты кісілер ұнатады.Олар өздерінің әдет-ғұрыптарына,қалыптасқан дағдыларына берік, өзгерістерді ұнатпайды, тым үнемшіл келеді. 

 Ақ түс - шаттықтың түсі. Ақ түсті ұнататындар өте әсершіл және қызба келеді, тез еліктегіш, өзгенің ықпалына тез беріледі. Мұндай адамдар бастарын үнемі тауға да, тасқа да соғады, сонда да айтқанынан қайтпайды. 

Стереотип, стеореотиптік ойлау жүйесі
Ең жарық жұлдыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу