Шаш түбірін нығайтуға арналған маскалар

Oinet.kz 21-10-2019

Podobny obraz

1. Әмбебап маска.

Жансыз шаштың түбірін нығайту және қалпына келтіру үшін әмбебап маска үйренейік.

Дайындау әдісі:

  • 1 жұмыртқа сарысы

  • 1 қ. ошаған (репейный), шырғанақ немесе зәйтүн майы

  • 1 қ. коньяк

  • лимон шырынының бірнеше тамшысы

Ингредиенттерді шыны ыдыста араластырыңыз. Масканы дымқыл, алдын ала жуылған шашқа жағыңыз. Содан кейін целлофан қалпағын киіп, басыңызды сүлгімен орап, масканы жарты сағатқа қалдырыңыз. Сусабынның көмегімен масканы шайып тастаңыз.

2. Сұлы маскасы.

Дайындау әдісі:

1 жұмыртқа сарысы

1 шай қасық сұлы үлпектері (ұнтақ күйіне дейін кофемолкада ұсақталған)

1 шай қасық бал

пышақ ұшында қыша (горчица)

Қажетті заттарды бір-бірімен ботқа күйіне енгенше араластырыңыз. Масканы бас терісіне мұқият сүртіп, сүлгімен орап, 30 минутқа қалдырыңыз. 

Бұл масқаларды аптасына 2-3 рет жасасаңыз керекмет нәтижеге қол жеткізесіз.

Шаш түсуінен сақтайтын рецепт
Шашқа арналған ботокс

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×