Мына бес нәрсе үшін үстеме ретінде тағы да бес нәрсе аласыз

Oinet.kz 11-11-2019

намаз оқу.jpg

Пайғамбар (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деген екен: «Алла тағала кімге бес нәрсені берсе, үстеме ретінде тағы да бес нәрсе береді:

1. Кімге шүкіршілік қасиет берсе, оның ризығын үстемелейді;

2. Кімге дұғагөйлік қасиет берсе, оның дұғасын қабыл етеді;

3. Кімге истиғфар – жарылқану тіленетін қасиет берсе, оған кешірім жасайды;

4. Кімге тәубешілік қасиет берсе, оның тәубесін қабыл алады;

5. Кімге садақа берушілік қасиет берсе, оның садақасын қабыл етеді».

Ендеше, Алла тағала бізді нығметтеріне шүкір ететін шүкіршіл пенделерінен етсін! Шүкірсіздіктен, күпірліктен сақтасын! Жасаған амалдарымызды, ғибадаттарымызды қабыл алсын! Әмин!

дереккөз: asyldin.kz

Намазда есінеу нені білдіреді?
Бала тәрбиесіндегі қателік

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×