Оразаны бұзатын 6 нәрсе

Oinet.kz 25-03-2020 1348

1. Әдейілеп ішіп-жеу оразаны бұзады

Алла Тағала: «Таңның ақ жібі мен қара жібін ажырата алғандарыңша жеңдер және ішіңдер. Сосын кешке дейін ораза ұстаңдар», – деген. («Бақара» сүресі, 187-аят). Демек, адам ораза екенін біле тұра ішіп-жеп қоймауы керек.

Screenshot_6.jpg

2. Ағзаға күш беретін құнарлы (нәрлі) уколдар салу, дәрі ішу оразаны бұзады

3. Темекі шегу, насыбай ату оразаны бұзады

4. Ерлі-зайыптылардың рамазан айының күндізінде жыныстық қатынас жасауы оразаны бұзады 

Хадисте былай деп айтылған: «Расында, жыныстық қатынас оразаны бұзады». (Ибн Хузайма. «Сахих» . 3/242). Бұндай адам тәубе жасауы, сол күнгі оразасын жалғастыруы, кейін сол күннің қазасын толықтыруы, әрі жасаған ауыр күнәсіне өтеу беруі тиіс. Бұған тек күн батқан соң, яғни ауыз ашқаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

5. Әдейілеп құсу оразаны бұзады  

Әбу Һурайра (р.а) жеткізген хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Егер құсық еріксіз шыққан болса, онда ораза бұзылмайды. Ал егер құсық әдейі шығарылса, онда оразаның қазасын өтеу керек». (Ахмад 2/498, Әбу Дәуд 2380. Имам ән-Нәуауи)

6. Етеккір (хайз) және босанғаннан кейін келетін қан (нифас) кезінде ораза бұзылады 

Егер ораза кезінде әйел кісінің етеккірі (хайз) келсе немесе босанудан соңғы қансырауы (нифас) басталса, онда ол оразасын тоқтатуға міндетті. Мұндай жағдайда ораза ұстауға тыйым салынады және мұндай ораза жарамсыз. Күндіз етеккірі қай уақытта келіп қалғанына қарамастан оразасы бұзылады. Тіпті, ауызашарға аз уақыт қалған болса да ол кісі сол күннің қазасын өтейді.

Вирустан қорғайтын дұғалар
Жаман түсті кім көреді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу