Құранда айтылған 5 түрлі жүректер

Oinet.kz 24-06-2020 1210

1. Өлі жүректер 

«Алла олардың жүректерін мерлеп тастаған, құлақтарын да. Көздерінде де перде бар және оларға (о дүниеде де) бітпейтін ауыр азап дайын». «Олар - (ақиқатқа келгенде) керең, мылқау һәм олардың бұл жағдайдан құтылып, (ақиқатқа) кері қайтуы көр соқыр. Сондықтан да мүмкін емес» («Бақара» сүресі, 7, 18-аяттар). «Алланы ұмытқан, Алла да оларға өз-өздерін умыттырған бейбақтар секілді болмаңдар. Хақ жолдан тайған күнәһарлар, міне солар» («Хашр» сүресі, 19-аят). 

image.png

2. Ауру жүректер 

«Жүректерінде (түптеріне жетпей қоймайтын рухани) дерт бар. Алла олардың дертіне дерт қосуда. Үнемі өтірік айтатындықтары үшін оларға жан төзгісіз азап бар». «Олар келтіргендермен иман жолықса, (көзбояушылық жасап): «Біз де иман еттік», дейді. Алайда шайтандарымен (күпірліктегі көсемдерімен) оңаша қалғанда: «Әсілі, біз сендермен біргеміз. Біз бар болғаны (иман еткенсіп) оларды мазақ етіп жүрміз», — дейді» («Бақара» сүресі, 10, 14-аяттар).

3. Тастай қатқан жүректер 

«Шайтандардың (адамдар aрасындағы) бауырларына келсек, шайтандар оларды әбден азғырып, азғындатқан үстіне азғындата түседі. Һәм содан кейін оларға азғындықтан ашқызбайды» («Ағраф» сүресі, 202-аят). «Алла тағала көкірек сарайын Исламға айқара ашқан, сөйтіп, Раббысынан келген нұрға бөленіп, тура жолға түскен жан (жүрегі тастай болып қатып қалған кісімен тең бе?). Ендеше, Алланы еске алуға келгенде, жүректері тастай болып қатып қалған бейбақтар қараң қалсын! Олар анық адасуда» («Зүмәр» сүресі, 22-аят). 

4. Раббысын ұмытпаған жүректер 

«Міне, солар иман еткен әрі Алланы еске алу арқылы жүректері жай табатын ізгі жандар. Ендеше, біліп қойындар! Жүректер Алланы еске алу арқылы ғана жай тауып, толық қанағаттанады!» («Рағыд» сүресі, 28-аят). «Ендеше, сендер Мені әрдайым жад етіңдер (яғни, әрдайым құлшылық етіп, еске алындар), де сендерді ескеремін. Маған күпіршілік сонда Мен шүкіршілік етіндер және әсте қылмаңдар (яғни, алғысы жоқ, жақсылықтың қадірін білмейтін кісінің іcін істемендер)» («Бақара» сүресі, 152-аят).

5. Tipi жүректер 

Ардақты пайғамбарларымыздың, тақуа жандардың өздерін қасиетті Құранмен әсемдеген ізгі жандардың жүректері. Нағыз бақытты жандар, міне, осылар! «...Тек иман етіп, (өздеріне һәм өзгелерге пайда келтіретін) игілікті істер істеген жандар ғана (Бізге жақын болады). Міне, сондай ізгі жандар iстеген игілікті істері үшін еселеп сауап алады һәм жұмақтың зәулім сарайларында еш нәрседен қауіп-қатер күтпей алаңсыз тұра береді» («Сәбә» сүресі, 37-аят). «Ол - мал-мүлік те, бала-шаға да титтей де пайда бермейтін күн». «Ол күні Аллаға пәк һәм (рухани) кеселдерден ада жүрекпен келген жан ғана (азаптан құтылып, мақсатына жетеді)» («Шұғара» сүресі, 88-89- аяттар).

дереккөз: islam.kz

Садақа берудің 10 пайдасы: «Бесеуі осы дүниеде, бесеуі о дүниеде»
Қабірдің жанынан өткенде бет сипау дұрыс па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу