Адамды әулие ететін 5 қасиет

Oinet.kz 03-08-2020 1434

Ғұлама Хафиз Суюты (Алла ол кісіні мейіріміне бөлесін) былай дейді:

"Егер баланың бойында болатын осы бес қасиет үлкен адамда болса, онда ол кісі Алланың сүйікті құлдарының біріне айналар еді!"

Screenshot_6.jpg

БІРІНШІ: Ризығына алаңдамайды;

ЕКІНШІ: Ауырса Құдайға шағым айтпайды;

ҮШІНШІ: Тамақты көппен бірге отырып жейді;

ТӨРТІНШІ: Бір нәрседен қорықса, көзінен жас ағады;

БЕСІНШІ: кек сақтамайды, яғни біреуге ренжісе тез ұмытып кетеді.

("Хусн әл-мухадара", 1/521)

Шынында да, "ертең не болады, ертең аш қаламын" деп жүріп, несібені Құдайдың беретінін ұмытып кетіп жатамыз. Алайда, Алла Құранда: "Кім Алладан (Оның тыйғандарынан) қорқып, сақтанса, Ол оған бір шығатын жол пайда қылады. Әрі оны ойламаған жерден ризықтандырады", - деп уәде берді емес пе? («Талақ» сүресі, 2,3-аяттар)

"Алла бекіткен ризықты менен ешкімнің тартып ала алмайтынына көзім жеткенде жүрегім тыныштық тапты" деген екен бір ғұлама.

Ендеше, пешенемізге жазылған ризық Алланың қалауынсыз бізді айналып өте алмайтынына, ақшаны да, тамақты да Құдайдың беретініне еш күмәнданбағанымыз абзал.

Ауырған кезімізде де Құдайға шағым айтып, ауруымыздың үстіне ауру жамамай, әр ауруды күнәларымыздың өтемі деп қабылдасақ, бұл сынақтан оп-оңай-ақ құтылар едік.

Пайғамбарымыз (ﷺ) : «Мұсылман басына не түссе де, шаршау-шалдығу, дерт, қайғы, сәтсіздік, күйзеліс, немесе, тіпті, тікен кірсе де, Алла Тағала бұл арқылы оның бір күнәсін сөзсіз кешіреді», - деп айтқан.

Құрбан айт туралы маңызды 6 мәлімет
Құран жайлы 10 факт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу