Тарауық намазы қанша ракағат?

Oinet.kz 30-04-2019 1351

Photo-1405166145-92449-702x336.jpg

Қазақстан мешіттерінде алғашқы тарауық намазы Алла қаласа, маусым айының 17-сі күні, құптан намазынан соң басталады.

Қазіргі уақытта әр күн  иманның болмаса амалдың әлсіз жеріне пышақ ұратын жаңа бүлікке жолығып отыратын болдық. Соңғы он төртінші жүз жылдықта Ислам үмметі тарауық намазын 20 ракағат етіп оқып жүр. Бірақ, жаңадан қоғамға енген «ағымдар» он төрт ғасыр бойы үммет Пайғамбар(оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сүннетінен алыстап, ешқандай шариғат дәлеліне негіздемей тарауық намазын 8 ракағат деп жариялап жүр. 

Ибн Аббас (оған Алла разы болсын)  Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Рамазан айында  20 рәкағат тарауық намазын оқып, артынан үтір уәжібті оқығанын жеткізеді. (Бахаки және Ибн Аби Шайбаның Мүсәннафы).

Убай ибн Каъб (оған Алла разы болсын) тарауық намаздарында имам болып 20 ракағат және де 3 ракағат үтір намазын оқыған.

Омар (оған Алла разы болсын) имамдарға тарауық намазын жамағатпен бірге 20 ракағат қылып оқуды бұйырған.

Имам Қуртуби (оған Алла разы болсын): «20 ракағат таруық намазы мен 3 ракағат үтір намазы – ең сенімді риуаят» деген.

Имам Науаи (оған Алла разы болсын) былай дейді: «Тарауық намазы – бір ауыздан мұсылманның сүннеті. Ол 20 ракағаттан тұрады».

«Соңғы жүз жылдықта ғойр муқалладиндер, яғни ешқандай мазһаб ұстанбайтын адамдар көтерген айқай- шу бұрын- соңды болған емес. Омардың (оған Алла разы болсын) заманынан бері бұл адамдардың тобы пайда болғанға дейін әлемде тарауық намазын 8 ракағат етіп оқыған мешіттер болған емес...»(Мәуләна Хабиб-ур- Рахман Азми)

Тарауық намазы 8 ракағат  дегенді жақтаушылар Айша анамыздың (оған Алла разы болсын) Бұхардің жинағанда келген мына хадисін келтіреді: «Рамазан айында болсын, өзге айларда да болсын Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) түнгі намазын ешқашан он бір ракағаттан артық оқыған емес».

Бұл келтірген хадисте Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сегіз ракағат  және үш ракағат үтір уәжібті оқыды деп айтылып тұрса еді, бірақ «өзге айларда да» деген сөз, тарауық намазына емес, тахаджуд намазына қатысты айтылып тұрғанын көрсетеді. Имам Бұхаридың өзі тарауық бөлімінде бұл хадисті басты тақырыбына қоспаған. Осының өзі бұл хадистің тарауыққа емес, тахджудке қатысты екендігіне нақты дәлел болып табылады.

Хазіреті Омар (оған Алла разы болсын) халифа болып тұрған кезінде, тарауық намазы жоғалып кетпес үшін мешіттерде жамағатпен оқуды бұйырған. Ол ракағаттар санын өз ойынан шығарған жоқ. 20 ракағаттан тұратын тарауық намазын Омардың (оған Алла разы болсын) дінге енгізген жаңалығы деп есептеу, Омардың (оған Алла разы болсын) және оған ілескен өзге сахабалардың (оларға Алла разы болсын) беделіне нұсқан келтіру.

Жұмысы ауыр кісіге ораза ұстамауға бола ма?
Халифат құруға құлшыныс: Идеологиясы мен себеп-салдарлары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу