«Талақ» деп, некені тәлкек еткендер

Oinet.kz 07-06-2019 1152

Screenshot_4.jpg

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйғарымымен енді мешіттерде АХАЖ бөлімінің анықтамасы болмаса ешқандай неке қию шаралары жүргізілмейді. Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы Астанадағы «Президент телерадиокешені» ғимаратында белсенді жастармен кездесуінде осылай деп мәлімдеді.

- Қазіргі кезде өзге ағымда жүрген бауырларымыз некені ойыншыққа айналдырып алған. Олардың арасында намазға келіп жүрген жас қыздарды «мен сенің түріңді көріп қойдым, шариғат бойынша сенің жүзіңді көргендіктен неке қиямыз» деп алдап, ата-аналарының рұқсатынсыз, тіпті машинасының ішінде достарын шақырып неке қидыратын үрдіс пайда болды. Ол жігіт бірнеше ай өткен соң «талақ» деп, әйелін екінші досына береді екен. Осылайша кінәсіз қыз бірнеше ерге күйеуге шығуға мәжбүр болатын көрінеді. Осындай жағдайға ұшыраған әйелдер бізге шағым айтып келеді. Олар негізінде дінді өзінің нәпсісіне бұрмалап алғандар. Байқасаңыздар, өзіміздің дәстүрлі дінімізді ұстанып жүрген бір азамат олай істемейді. Олардың арасында ондай проблема жоқ,--деді бас муфти.

Осындай келеңсіздіктің алдын алу үшін алдағы уақытта некенің шарттары толық орындалмайынша мешітте неке қийылмайды. Бұл шарт бойынша екі жасқа ата-анасының рұқсаты керек. Бұдан бөлек екі жастың АХАЖ-да некелерінің заңды түрде тіркелгендігін айғақтайтын анықтама қажет.

Жалпы жоғарыда бас муфти айтқан келеңсіздік теріс ағымдардың жетегінде кеткендердің жасап отырған әрекеті екендігі айтпаса да түсінікті. Екі ортада солардың арбауына түскен қаншама жас сорлап жатыр. Бұған құқық қорғау органдары тарапынан да пәрменді тосқауыл қажет сияқты.

Академиялардың алғашқы кірпішін қалаған Имам ағзам болатын
Адасқандардың жартысы түрмеде өз қателіктерін түсінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу