Аятқа себеп болған ауызашар

Oinet.kz 02-08-2019 1305

Screenshot_24.jpg

Пайғамбар немерелері Хасан мен Хұсейін кішкене кездерінде ауырып қалды. Уайымдап қалған Али мен Фатима (р.а.) балалары жазылғанда, шүкіршілік ретінде ораза ұстай бастады. Алғашқы күні ауызашарға дайындаған тамақты енді ауызға ала бергенде, қайыр сұрап жетімдер келді. Соларға қиды. Өздері ауыз ашпастан екінші күнгі оразаға ниет етті. Екінші күні де ауызашарға дайындаған тамақты «Құдай үшін беріңдерші» деп келген кембағалдарға берді. Бұл кеште де ауыз ашпастан үшінші күнге ауыз бекітуге ниет етті. Үшінші күні де дәл осы жағдай қайталанып, асты табалдырыққа келіп көз сүзген жалынышты тұтқындарға ауыздарынан жырып берді.

Кейіннен осыған қатысты аят түсті:

«Олар уәдесін орындады. Ұзын әрі тоқтаусыз қиямет күнінен қорыққандықтан, өздері ұнатып іштей қалап тұрған тамақты бейшараға, жетімге және тұтқындарға берді. «Біз бұларды Алла Тағаланың разылығы үшін қидық. Сендерден қайтарым ретінде алғыс та ештеңе күтпейміз» деді. Осы себепті оларға Хақ тағала Тахур шарабын ішкізді» («Инсан» сүресі, 7-9, 21).

Бір тостаған су
Құрманы не үшін көбірек пайдалану керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу