Тараз қаласында танымал әнші Бүркітке арналып ескерткіш орнатылды

Oinet.kz 06-01-2020 2620

Тараз қаласының тумасы Жансейітов Айбекке мәрмәр тасқа қашалып есімі жазылған ескерткіш орнатылды. Алайда, жеке парақшасында әкімге алғысын айтып бейнежазба жүктеген Бүркіттің әрекеті оқырмандарына жақпай қалды деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталына сілтеме берген Oinet.kz

Бүркіт Айша.jpg

Жамбыл облысындағы мәдениет сарайы алдында ашылған «Әуендер әлемі» аллеясында Бүркітке арналып ескерткіш орнатылды. Бұл қуанышымен әнші оқырмандарымен бөліскен еді. Алайда, желі қолданушылары Айбекті бірден сынға алды.

«Тірі адамға тастан ескерткіш орнатқан біртүрлі екен», «Мен осы түсінбеймін. Қандай еңбек жасады Таразға? Нені қатырды? Бір үлкен жұмыс бітіргендей ескерткіш қойыпты», – деді оқырмандары.

Кері пікір жазып, сынға алғандарға да әнші қарап қалған жоқ. Өз ойын білдіріп, желі қолданушыларына жауап берді.

«Туған жер туралы ән шығарып, халыққа жігер беретініміз үшін, түсінсеңіз!» – деді Бүркіт.

Қарапайым халық ішінен өнер иесін шын жүректен құттықтағандар да кездеседі.

«Біздің мақтанышымыз! Аман болыңыздар! Бауырым, сен лайықсың, құттықтаймын!», – деді Бүркіттің тыңдармандары.

Бұл жаңалықтан Бүркіттің өнердегі әріптестері де хабардар. Ізгі-тілектерін жолдап, әншіні құттықтады.

«Құтты болсын!» – деді Мақпал Жүнісова және Абай Бегей ғаламтор желісінде.

Ақбота-Нұр Сейтмағанбетова: «Дәуренді бірінші отбасына жібердім» (видео)
«Ұятсыз бағдарламаны жабылып жүріп жабайық!» Отандық жұлдыздар «Қалаулымның» жабылуын талап етуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу