Қайрат Нұртастың әйелі дүкенді үйіне көшіріп алған қазақстандықтарды сынады

Oinet.kz 17-03-2020 3500

Отандық белгілі әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова қазіргі уақытта қоғамда орын алып жатқан оқиғаларға байланысты пікір білдірді. Ол дүрбелеңге бой алдырып, дүкен сөрелерінде азық-түлік қалдырмай алып кетіп жатқан халық жайлы өз ойын ашық айтты. Хитменнің жары үйін тамаққа лық толтырып алып, желіде мақтанып видео жариялап жүрген отандастарын сынап тастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

92b4da7a-bc3f-4ac3-9c9e-8fcc514d9c14.jpg

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram желісінде азулы жазба жариялап, "дүкенді үйіне көшіріп алған" қазақстандықтардың әрекетін таза жабайылыққа теңеді.

- "Видеодағы жағдай таза жабайылық дер едім. Азық-түлік сататын базарлар жұмыс істеп тұр. Біздің буын және бізден кейінгі буын мұндай кезде қайтпек керегін білмейді. Себебі біз соғысты, ашаршылық пен нәубетті бастан өткермедік. Оған қарсы тұрар иммунитет жоқ. Ал орта және аға буын көрген зұлматтың дәмін ұмытпағандықтан сәл нәрседен сескенеді. Бірден реакция танытады. Меніңше қазір біздің қоғамда дәл осы екі эмоция қақтығысуда.

Бірақ екі буынға да ортақ бір-ақ нәрсе бар. Ол - жауапкершілік. Өз өміріңізге алаңдамасаңыз да, өзіңізбен бірге өзгені де ала кететініңізді естен шығармау керек. Сақтанбай, вирус жұқтырған сәтте, сіз бір емес бірнеше жүз, мың, миллион өмір үшін жауап бере аласыз ба?! Сіздің салғырттығыңыз үшін жазықсыз бала, қарт, жар, ана, әке, ата, сәби жапа шегеді.

- Сондықтан “Ой, саясат үшін ойлап тапқан жоқ нәрсе”, “Маған ешқашан жұқпайды”, “Мешіт - құдай үйі. Онда баруға тыйым жоқ” деген қыңыр әңгімелерді қысқарту керек. Ойынға айналдырып болған шығармыз. Тіпті Трамптың да сарказмына айналдық қой. Болар енді. Естияр болайық. Өз өміріміз үшін жауапкершілік алайық" , - деп жазды Қайрат Нұртастың келіншегі.

Марат Омаров «Коронавирус кет, кет» әніне бейнетаспа жасап шығармақшы
Елде төтенше жағдай: Абай Бегей мен Асхат Тарғын концерт беріп жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу