Тәуекел Мүсілім тойына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Oinet.kz 02-06-2020

Отандық шоу-бизнес саласында өзіндік орны бар Тәуекел Мүсілім үйлену тойына байланысты бірқатар тың мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz порталы "Алматы" арнасына сілтеме жасап.

 image.png

Белгілі болғандай, актердің қуанышына көптеген достары шақырылмайды. Оған таңдалған мейрамханадағы адам сыйымдылығы себеп болып отыр. Карантинде табыссыз қалған өнер иесі дүбірлі тойды өткізу үшін үлкен тәуекелге барғанын алға тартты. 30-дан асқан шағында отау құрғалы жатқан Тәуекел Мүсілім шын мәнінде үйлену тойын жасағысы келмейтінін айтты. Ол мерекелік шараны көптеген адамдар асыға күткендіктен өткізуге мәжбүр екенін жасырмады. Актер карантин салдарынан табысынан қағылғандықтан той қарсаңында үлкен шығынға кетіп жатқан көрінеді. Алайда, сері жігіт қолынан келгенше дүбірлі тойды есте қаларлықтай, абыроймен дүркіретіп өткізбек. 

- "Қаражат жағынан шығын бар. Ол ертең қонақтар күтіп алу мәселесі бар. Жезқазғаннан нағашыларым, Шымкенттен өз туыстарым келеді. Қонақтар саны бойынша төрт жүз шамасына шектелейін деп жатырмыз. Негізі одан да көп. Достарым өте көп. Олардың барлығын бірдей шақыра алмайтын болып жатырмын. Оны өздеріне түсіндіріп айтамын. Себебі, барлығын сыйдыру мүмкін емес. Тапқан мейрамханамыз да төрт жүзге жуық адамға арналған. Ал негізі тойға келгісі келетін жандар көп. Туыстарым да бала-шағасымен келейін деп жатыр. Барлығы қызық көргісі келіп отыр. Әртістерді көргісі келеді. Той емес, концерт болайын деп жатыр ғой. Маусым айын күтеміз. Бәрі дұрыс болса, жаз ортасында өткізбекпіз. Маған сондай рұқсат берілсе, мен той жасамайтын да едім. Бірақ амал жоқ жасаймыз. Бұл біздің парыз. Барша туған-туыстардың көңілі қалмас үшін. Барымен базар болып, жақсы күтіп аламыз барлығын" , - деді Тәуекел Мүсілім. 

Гаухар Әлімбекованың адвокаты миллионға байланысты мән-жайды түсіндірді
Алтынай Жорабаева жаңа отбасылық суретін көпшілікке жария етті (видео)

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×