«Бұл – халықты қорлау»: Шырын Нарчаева іш киіммен бауырсақ пісірді (видео)

Oinet.kz 02-06-2020 7594

19 жастағы блогер Шырын Нарчаева әлеуметтік желіде тағы да шу шығарды. Бұл жолы ол іш киіммен бауырсақ пісірген видеосын желіде жариялап қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

da6abc0cc7087fb0ce47a84f92134aad.jpg

Шырын тек алжапқыш пен ішкиім киіп бауырсақ пісірген сәтінің видеосын өзінің Instagram парақшасында жариялаған болатын.

Бұл жарияланым бірден көптің назарына ілікті. Біреулер оның дене пішініне қызыға да қызғана да қараса, басқалары оны өткір сынның астына алды. Шымкенттік танымал блогер, заңгер және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек қызды жауапқа тартуды талап етті.

"Нанды, сәукелені және ұлттық валютаны қорлаған бұл қызға қарсы қылмыстық іс қозғау керек. Мұның бәрін ТЖ кезінде жасады. Ол жалаңаш денесіне сәукеле киіп, теңгеге сіңбірген кезде үндемедік, енді жалаңаш бөксесін көрсетіп, бауырсақ пісірген видеосы шықты. Бұл бүкіл халықты қорлау! Бұл ұлттық құндылықтарды қорлап, ұлттық ар-намысты таптап, арандату мақсатында әлеуметтік желіге жүктеу үшін арнайы түсірілген видео. Ол бұл үшін тыңғылықты дайындалған. Бас прокуратураға азаматша Шырынның әрекеттерін тексеріп, Қылмыстың кодекстің 174 бабы бойынша жазаға тартыңыздар деген өтініш білдіремін. Ұлтты қорлап, араздықты өршітуді тоқтату керек!" — деп өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Өзіне қарсы осындай пікірлер толқынынан кейін, Шырын видеоны өз парақшасынан өшіріп тастады. Бірақ ол интернет кеңістікте таралып үлгерді.

Алтынай Жорабаева көптен жасырған күйеуін көрсетті (фото)
«Жаман ұлт болмайды, тек жаман адамдар болады» - Димаш Құдайберген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу