«Обал деген болады» - Асхат Садырбай

Oinet.kz 15-06-2020 6464

Белгілі журналист Асхат Садырбай лагерьде кішкене балаларға озбырлық жасады деп айыпталған Әлібиді қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазба арнады. 

image.png

-  Жалп еткізіп жала жаба салғаннан кім не ұтады? Әліби ақталар, ақталсын, аққа Құдай жақ. Ал, әлі үлкен өмірге қадам баспаса да өтірік айтып, Әлібиге жала жапқан жас ұрпақтың санасы ше? Олардың болашағы ше? Обал деген болады. Ардан аттап өмір сүруге болмайды. Нақақтан нақақ жала жабылса солардың өздері қандай күй кешеді? Ал, сондай сынақ балаларына келсе ше? Бәрі түсінікті, қазір көп ата-ана баласын сондай қатты жақсы көреді және сондай қатты жек көреді. Өтірік өрге баспайды. Өтірікпен ешкім ұзақ өмір сүрген жоқ, сүрмейді де. Мен Әлібидің жағдайын жақсы түсінемін. Мұндай қиын жағдайға жетпесе де нақақтан нақақ маған да жала жабылды. Кейбіреулер ақиқаттың ақ-қарасына көз жеткізбей жатып тілдеді, әлі де тілдеп жүр. Сабыр мен төзім бәрін жеңіп шығады түбінде. Ақиқат біреу және ащы болады. Айтатын уақыт келеді. Әлібидің жақындарына Алла жар болсын. Сабырлық пен төзім тілеймін. Жалп еткен жала қалай тез жанса солай тез сөнеді. Жоғарғы сот арызын қайтып алған ата-аналардың шешімін ескеріп жас талантты бостандыққа шығарады деп үміттенемін. 3-мамырда да пост салып едім бұл жайлы, бірақ Әлібиге арналған парақша жазбамды байқамаған сияқты. Әліби, біз сенімен біргеміз! - деді журналист

Бағлан Әбдірайымов коронавирус жұқтырған жақындарына алаңдаушылық білдіруде
Қайрат Нұртастың әйелі 10 жыл жасырынып қалай өмір сүргендігін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу