Азамат Сатыбалдының әкесі өмірден озды

Oinet.kz 29-06-2020 5931

Қазақстандық танымал актер, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры, продюсер Азамат Сатыбалдының әкесі қайтыс болды. Абыз ақсақал 91 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл қаралы хабарды актердің өзі басқаратын Мүсірепов театрының ұжымы жеткізді. 

image.png

- "Театрымыздың директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актеры Азамат Сатыбалдының 91 жастағы асқар таудай ардақты әкесі - Сатыбалды ақсақал дүниеден озды. 10 баланы өсіріп-жетілдіріп, өнегелі үлгісімен аймағына, ағайынға сыйлы болған, әулетінің дәулетін асырып, немере-шөбере көрген абыз жанның пәнилік өмірі ғұмыр-дастанға бергісіз... Атамыздың бақилық - мәңгілік жолы ендігі жерде, Азамат сынды өнер мен мәдениетімізге зор үлес қосып жүрген азамат ұрпағымен жалғаса бермек... Марқұм қарияның жаны жәннаттық, рухы шат болып, нұры пейіште шалқысын!", - деп жазды театр парақшасы. 

"Алғым келсе аламын": Тоқтар Серіков тоқал алуға қатысты ойын ашық айтты
Рөлге таласқан Жахан Қайратты екінші қабаттан лақтырып жіберді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу