Әнші Айқыннан коронавирус анықталды (фото)

Oinet.kz 29-06-2020 1951

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген пневмонияға шалдығып, ауруханадан бір-ақ шықты. Эстрада жұлдызының екі күн бойы дене қызуы көтеріліп, үйден алған емі еш нәтиже бермеген. Ол аяққа тұра алмай жатып қалғанын хабарлап, жанкүйерлерін алаңдатып қойды.

image.png

Айқын Төлепберген қатты сырқаттанып қалғанын өзінің Instagram парақшасында жеткізді. Екі күн бойы дәрі ішіп, ем қабылдаған өнер иесі ақыр-соңы ауруханаға жатуға мәжбүр болған. Дене қызуы көтеріліп, тұра алмай жатқан әнші коронавирусқа ПТР тест тапсырып, бүгін нәтижесін қолына алған. Оған сәйкес, көпбалалы әкенің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. 

"Мына жаңа пневмония деген бәле маған да жетті. 2 күн температура көтеріліп жатып қалдым. Парацетамол іштім, дәрі іштім, капельница қойдым, ақыры қоймады. Амал жоқтан ауруханаға жатқызды. Мені қайта аяққа тұрғызып, тәбетімді қайтарған барша медицина қызметкерлеріне алғысым шексіз. Шынында, осы жерде ғана олардың тынбай, науқастардың жанын сақтауда еңбек етіп жатқанын көресің. Барша сенбегіштерге айтарым, үйде отырыңыздар. 

Негізгі толқын 2-3 жетіде Алла қаласа басыла бастайды деп ойлаймын. Себебі, жан-жақта бәрі не ауырып жатыр, не ауырып шықты. Мен сияқты жас жігітті аяқтан жеңіл жығып құлатқан бұл дерт өте қауіпті! Ең қуантарлығы, толық жазылған соң еркін жүре беруге болады" , - деп жазды Айқын. 

Әнші Stories арқылы өзінен коронавирус диагнозы расталып шыққанын хабарлады. Алайда, дәрігерлердің арқасында оның жағдайы бүгінгі күні айтарлықтай жақсара бастағанын айтты. 

Рөлге таласқан Жахан Қайратты екінші қабаттан лақтырып жіберді (видео)
«Ақбота Керімбекованың тыңдауға тұрарлық әндері де жоқ» - Сиви Махмуди
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу