Тұрсынбек Қабатов жарына ерекше тосын сый жасады (видео)

Oinet.kz 12-08-2020 2311

Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов сүйікті жарына шаңырақ көтерген күніне орай естен кетпес тосын сый жасады. Бұл аса ерекше әрі атаулы күн Мөлдір Мұқанованың есінен шығып кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz.  Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

image.png

Тұрсынбек Қабатов пен оның жары Мөлдір Мұқанованың шаңырақ көтергендеріне биыл 17 жыл болған. КВН сахнасында кезіккен қос ғашық бүгінде бес баланы тәрбиелеп отыр. Белгілі әзілкеш өміріндегі аса маңызды күндерді естен шығармайтынын тағы бір мәрте дәлелдеп шықты. Ол келіншегі ұмытып кетсе де, екеуінің отасқан күнінде оған ерекше тосын сый жасаған. КВН жұлдызы сүйіктісіне алып гүл шоғын тарту етіп, оны таңғалдырған. Қызығы, шаңырақ көтерген күн Мөлдір Мұқанованың есінен шығып кеткен. 

Оған қоса, әзілкештің әйелі жолдасының гүл шоғын таабыстап жатқан видеосымен де бөлісіп үлгерген. Бейнежазбада Тұрсынбек Қабатовтың балаларының көзінше жарына қызыл түсті раушан гүлдерін сыйлап жатқанын көруге болады. 

Желі қолданушылары бірден ерлі-зайыптыларды жарыса құттықтап, оларға ақ тілегін жаудырды. 

- "Бақытты болыңыздар" , "Үлгілі жұптың бірісіздер, көбейе беріңіздер" , "Тек қана бақыт тілеймін. Махаббаттарыңыз баянды болсын" , "Қандай керемет көрініс. Ер адамның мұндай күнді елеп құттықтап жатқаны тамаша" , - деп жазуда көпшілік. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Шаңырақ көтергенімізге 17жыл болғанын ұмытып кеткенім ұят болды

Жанар Айжанованың қызының болашақ күйеуі кім екені белгілі болды (видео)
«Қалаулым» арқылы табысқан жұп ажырасты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу