Айтыскер Айнұр Тұрсынбаева үшінші күйеуін көрсетті (фото)

Oinet.kz 20-08-2020 3869

Айнұр Тұрсынбаева өзінен жасы кіші күйеуін көрсетті. Жеке өміріне қатысты ақпаратты ашық жариялай бермейтін айтыскер жолдасымен бірге қыдырып жүр. Дереккөздерге сүйенсек, ол айтыскер Тұрсынбаеваның үшінші жолдасы, деп хабарлайды Oinet.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

image.png

Айнұр Тұрсынбаева желіде тікелей эфирге шығып, жолдасымен бірге тамақтануға келгенін айтты. Ол соңғы кездері жолдасымен бірге жүрген сәттерін желіде ашық жариялайтын болған. 

Айтыскердің жолдасы Нұржан Иманәлиев Жамбыл облысы Жаңатас қаласының тумасы. 1983 жылғы азамат айтыскерден 6 жас кіші. 

Айтыскер бүгінде тікелей эфир арқылы миллиондаған оқырманына дәріс жүргізеді. Уақытының көп бөлігін Түркияның Стамбұл қаласында өткізеді. 

Айтыскер ақын 1977 жылы Семей қаласы Ақсуат ауданы Көкжыра ауылында туған. Айтыс аламанында қатарластарнан оза шауып, бірнеше мәрте бас жүлдені қанжығасына байлағаны көптің есінде.

Бұған дейін Айнұр Тұрсынбаева Шамсат Исабековке тұрмысқа шыққан. 

- "Жалпы жолдасым отбасымыздың көпшілік талқысына түскеніне өте қарсы адам болғандықтан қысқа жауап берейін. Жар таңдауда жолым болған адаммын. Өнерде де, өмірде де тиянақты, материалдық түрде көмектесетін, менің ғана емес отбасымыздың тірегіне Аллаһ қуат берсе екен деп амандығын тілеп қана отырамын", - деген еді айтыскер бір сұхбатында.

Қыдырәлі Болманов Қарақат екеуі туралы шындықтың бетін ашты (сұхбат)
Танымал әнші тікелей эфирде қаза тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу