«Қыздарым, кешіріңдер, бәріне мен кінәлімін» - Тұрсынбаева жан сырын ақтарды

Oinet.kz 19-10-2021

Белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаева студент күнінде өзі куә болған оқиға туралы баяндады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Айнұр.png

- Студент кезім.. Демалыс күні жатақханада босқа жатпайық деп М құрбымның үйіне бардық.. Ұйықтап жатқанбыз, айқай-шудан ояндық. Сөйтсек М-ның ажырасып кеткен жеңгесі дүниесін алып кетуге кеп жатыр екен.. Түсінгенім келін кедейлеу отбасынан. Дүниесін тиеп алған келін есіктің аузында тұрып, "ертең мына 3 қызыңыз мен құсап дүниесін тиеп әкеп тұрғанда, менің шешемнің қалай қиналғанын түсінерсіз" деді де шығып кетті.. Субхан Алла, 3 қыз да ажырасып келді.. Бас аяғы 7 немерені шешелері өле өлгенше бақты.. Былтыр қайтыс боларында "қыздарым, кешіріңдер, бәріне мен кінәлімін" депті... Осыны естігенде басқа біреуге жамандық жасаймыз деп, өзімізге қастандық қылатынымызды түсіндім - деп жазды ол.

Тұрсынбаеваның мысалға келтірген оқиғаларын оқыған көпшілік түрліше пікірлерін білдірді.

- "Бұрында ата әжелерміз айтушы еді жақсылық істесеңде өзіңе жамандық істесең өзің деп отыратын еді", "Солай екен деп жақсылықты оңды солды жасай беруге де болмайды, оны түсінбейтін адамдар пайдаланып кетеді. Бәрі тағдыр, барлық жамандықты өзіңнен көріп өзіңді жей берген де дұрыс емес", "Ниетімді түзеген кезде Алдымнан жақсы Адамдар шыға бастады", "Кез келген қиындықтың шешемі бар меилі басыңды тауғада тасқада соқ берілме бұл сенің қолыңнан келеді. Ниет етсең қалағаныңа жетесің әрқашан алдыңғы шепте бол. Қателікті көзге шұқығанға түзеуге тырасаиық өте керемет жаздыңыз Әпке", "Ғибратты түсінігі мол пайдасы тиетін әңгіме Айнүр сұлу ,өте әдемісіз сенен жылуды сезініп тұрамын Айнұр", "Аталарымыз бұндайды зауал дейді… “Аққа зауал жоқ” дейтіні содан ғой" - деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

Төреғали Төреәлінің отбасылық суреті көпшілікті тәнті етті (фото)
«Бұйырса немереммен бірге қысқа белдемше киіп қыдырамын» - Мақсатқызы (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×