10 келі тастасаң, қыздай боласың: Тимур Құлыбаевтың әкесі Мақпал Жүнісоваға сын айтты

Oinet.kz 11-03-2026

Әнші Мақпал Жүнісова Алматыда өткен жеке ән кешінде тыңдарманның бірінен "сөз есітіп" қалды, деп жазады Оіnet.kz.

image.png         

 Әлеуметтік желіде тараған видеода егде тартқан бір тыңдарман сахнаға шығып, әншіге жылы тілегін айтқаннан кейін оның салмағына қатысты ескерту жасаған. Ол Жүнісоваға арықтауды ұсынып, бұрынғыдай сахнада билеп, ән айтуға болатынын айтқан. 

“10 келі тастасаң, баяғы қыздай боласың. Бұрын менің 60-жылдыққа қалай билеп, өлең айтқанымды білесің бе? Назарбаевтан басқасының бәрі аузын ашып, таңғалғанын білесің бе? Соның бәрін қайталауға болады. Қазір уақыт сондай, өзіңді қолға алу керек, өз-өзіңді ұстау керек, дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдану керек”, – деді ер адам. 

 Әнші мұндай пікірге бірден жауап беріп, өзіне бұйрық бермеуді сұрады. Сондай-ақ қиын кезеңдерінде көмектеспеген адамдардың енді кеңес айтуының орынсыз екенін жеткізді. Жүнісова өзінің қазіргі келбеті өзіне ұнайтынын да атап өтті. 

"Менің байға шығатын арманым жоқ, менің дене бітімім өзіме ұнайды. Мына кісінің өзі мені алғысы келіп жүр ғой, бірақ сіз алсаңыз да бармаймын. Мұндай арманым жоқ. Аман болыңыз, үлкен басыңызды иіп, сахнаға шыққаныңызға рақмет”, – деп жауап қатты әнші.

     Өнер иесі тыңдарманды сахнадан шығарып салған кезде "Асқар Құлыбаев" деп  атап өтіп, қошемет көрсетті. 

Белгілі болғандай Жүнісоваға сын айтқан  бұрынғы  Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарды дамыту министрі қызметін атқарған 88 жастағы Асқар Құлыбаев екен. Ол сондай-ақ елімізге белгілі меценат, ірі кәсіпкер Тимур Құлыбаевтың әкесі.  

image.png


Төреғали Төреәлі Түркістан қаласына көшіп барды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу