Мәскеуде A’Studio тобының бұрынғы мүшесі ұсталды

Oinet.kz 27-03-2026

 Танымал A’Studio тобының бұрынғы мүшесі Темірлан Сәдуақасов Мәскеуде мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды, деп жазады Оinet.kz.

image.png

112 Telegram-каналының  мәліметінше, Сәдуақасовты таңғы 5-те Волоколамск  жолында жол полициясы тоқтатқан. Ол медициналық тексеруден өтуге бас тартқан және полиция бөлімшесіне жеткізілген. Оның әрекеті бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

 Айта кетейік, Темірлан Сәдуақасов — A’Studio тобының бұрынғы гитаристі және солисі, топ мүшесі Бағлан Сәдуақасовтың ұлы. 2006 жылы әкесі  қайтыс болғаннан кейін ол оның орнына келген. Кейін өз жеке тобын құрған.

Бағлан Сәдуақасов 1990–2000 жылдары топтың ерекше дыбысын қалыптастыруға үлес қосқан гитарист әрі белгілі композициялардың авторы болған. Ол 2006 жылы 2 тамызда Мәскеуде жол апатынан қаза тапқан.

Әнші Нұрғали Нүсіпжанов жүрегіне ота жасатты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу