Баян Алагөзова: «Мұнда иттер, әйелдер, ер азаматтар және гейлер тең құқылы»

Oinet.kz 12-09-2019

bayan-750x375.jpg

Жұбайымен Испанияда демалып жатқан Баян Алагөзова Испанияны жер көкке сыйғызбай мақтады. Демалысын ерекше өткізбек болған продюсер ондағы халықтың өмірі туралы қызықты деректермен бөлісуде.

«Бізде мұнда романтика болып жатыр. Көлікпен қыдырып жүрміз. Керемет мейрамханада тамақтану үшін көрші қалаға бара жатырмыз. Әсерімді сөзбен жеткізе алмаймын!», - деп ерекше әсерімен бөліскен Алагөзова ондағы ерекшелікке таңданысын да жасырмады.

«Мұнда еуропалықтардың иттерді ерекше жақсы көретінін байқадым. Дәмханада, сауда орталықтарында – еркін жүреді. Қысқасы мұнда иттер, әйелдер, ер азаматтар және гейлер тең құқылы. Демократия болғандықтан, өте қызықты мұнда», – дейді белгілі продюсер.

Жазира баласын тек бір жасқа толған соң көрсетпек
Дана Кентай: «Тұрмысқа шыққым келмейді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×