Жазира баласын тек бір жасқа толған соң көрсетпек

2274A44B-F1FC-4853-9E7B-547C8CC561DD.jpeg

Жазира Байырбекова баласын бір жастан кейін көрсететінін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасап.

Негізінен жұлдыздар қауымы балаларын кішкентайларында көзден таса ұстап, көз тиюден сақтағанды жөн көреді. Олар ұл-қызын бір жасқа, тіпті кейде әбден есейгенге дейін елге көрсетпей, артынша жария етіп жатады. Бұл туралы Жазира Байырбекова өз ойын білдіді.

Танымал өнер иесі бүгінде бір баланың анасы. Кәмелеттік жастан асып кеткен ұлынан өзге перзент сүйе алмаған әнші балалы болса, біраз уақыт бойы жұрттан жасыратынын айтып ағынан жарылды. Оның сөзінше кішкентай балаға тез көз, сөз тиіп кетуі әбден мүмкін.

"Көз тиу деген дәлелденген нәрсе ғой. "Сақтықта қорлық жоқ". Алла қаласа сәбилі болып жатсам, бір жасында халыққа бірақ көрсетемін", - дейді Жазира Байырбекова.

Осылайша әнші ырым-тыйымға сеніп, салт-дәстүрді берік ұстанатынын байқатқан.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Абай Бегейдің үлкен қызы әкесінің туыстарымен неге араласпайды?
  • Меруерт Түсіпбаева: «Пендеміз. Періште аспанда ғана»
  • Жүсіп Ақшора: «Сахнаға ішіп шыққан кездерім болған»
  • Айжан Нұрмағанбетова: «Менде қасиет бар. Арнайы көріпкелдік байқауына да қатысқанмын»
  • Тұңғышбай Жаманқұлов Нұрғали Нүсіпжанның некесіне пікірін білдірді
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика