Жадо: "Тоқал болуда тұрған ештеңе жоқ"

CE2A2F54-0A9B-413B-B4F1-419AC161E67A.jpeg

Белгілі дизайнер Жадо өзінің тоқалдыққа деген көзқарасы жақсы екенін айтты.

Танымал Дизайнер Жадо "Бір сұрақ" бағдарламасында шетелдікке тұрмысқа шыққан қыздар туралы айтты.

Күйеуіне тоқал алып берген Жадо шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан қыздардың әрекетін құптамайды. Не болсада қазақтың қызы қазақтың ұрпағын көбейтуі керек дейді ол. Сол себепті текті азаматтардың тоқалы, үшінші, төртінші әйелі болса, оның ешқандай айыбы жоқ деген ұстанымда дизайнер. 

"Көп адам біледі мен жолдасыма екінші әйел алып бердім. Өйткені қазақтың текті азаматтарынан қазақтың қыздары ұлды, қызды болуы керек. Менің ойымша, 10-20 жылдан соң қартайған кезде сіз өзіңіздің тегіңізге тартасыз", - дейді Жадо.  

Дизайнер тоқал болуда тұрған ештеңе жоқ деп ойлайды. Жадоның сөзінше қазақ қызы қазаққа шықса ғана, тегімізді аман алып қала аламыз. 

"Біз мұсылманбыз, біздің өзіміздің дәтүріміз бар. Сол себепті, біздің қазақтың қыздары үшінші әйелі бола берсін, тоқал бола берсін. Әрине, неге болмасқа. Сондықтан, қазақтың ұрпағын көбейту үшін қазақ қызы қазақ жігітке күйеуге шығуы керек", - дейді Жадо. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Гүлзира Айдарбекова ұзату тойға шыққанына 2000 доллар гонорар алатынын айтты
  • Гүлзира Айдарбекова: «Тоқал - дайын асқа тік қасып болып келген әйел»
  • Уәлибек Әбдрайымов: «Қайрат Нұртасты тойға шақырған адам ақымақ»
  • Дәурен Айдарқұлов: «Арамызда махаббат болмады деп бірінші әйелімді ренжіткім келмейді»
  • «Кел келінім» арқылы танылған Мұхит Сапарбаевтың «BАQYT» атты кітабы жарық көрді
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика