«Ауыл ел бесігі»: Бәйдібекте жол жөнделуде

Oinet.kz 27-05-2023 190

БЬайдибек.png

Бәйдібек ауданында өткен жылы жалпы ұзындығы 73,1 шақырым облыстық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында елдімекендердегі ішкі көшелердің 6,8 шақырым жолы жөнделді. Сонымен қатар, биыл аталған бағдарламамен 3 елдімекендегі ішкі көшелердің 19,6 шақырымы (18 көше) жөндеуден өтеді. Бұл жайында Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков мәлімдеді. 

Оның айтуынша, бүгінде аудан аумағындағы 17 елдімекен табиғи газбен қамтылған. 

«2021-2023 жылдары аралығында 15 елдімекенді табиғи газбен қамту жоспарланған. Олар: Түйетас, Амансай, Талап, Сарыбұлақ, Жолғабас, Қазата, Ағыбет, Алғабас, Шақпақ, Бәйдібек ата, Кеңестөбе, Жиенқұм, Жоғарғы Боралдай, Тайманов, Теректі елдімекендері. Сондай-ақ, аудандағы 51 елдімекеннің 43-і (84,3 пайызы) орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген. Үш елдімекенде (Шаян, Сарқырама, Шақпақ) ауызсу жүйелерінің тозығы жетуіне байланысты қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сегіз елдімекеннің (Ағыбет, Шалдар, Бәйдібек ата, Кеңестөбе, Тайманов, Түйетас, Жамбыл, Мыңбұлақ) ауызсу жүйесін қайта құру жұмыстарына аудан бюджетінен қажетті қаражат қарастырылды», - деді аудан басшысы. 

2022 жылы ауданда 55,8 млрд. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,7 млрд. теңгеге өскен. Сондай-ақ, былтыр ауданға 21,6 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылған. Ал аудандағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 35,6 млрд. теңгеге жетті.

Өткен жылдың қорытындысымен ауданда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 18 806 шаршы метрді құраған. Сондай-ақ, «Ұлттық жоба» аясында былтыр 1 992 азамат уақытша және тұрақты жұмыспен қамтылса, биыл 3 айда 1067 азамат жұмысқа орналасқан. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс» тапсырмасына сәйкес жылдық жоспар 301 адамды қамту болса, 366 адам жұмыспен қамтылды. Жаңа бизнес-жобаларды іске асыруға былтыр 80 азаматқа 98 млн. теңге мемлекеттік грант берілген. 


Бизнес-идеяға гран беріледі
Мақта-тоқыма кластерін дамыту жобасы әзірленді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу