Сарыағаш сапалы ауыз сумен 61,8 пайыз қамтылған

Oinet.kz 27-05-2023 168

сарыагаш.png

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елдімекені, сондай-ақ Қабланбек ауылдық округі Ақниет елдімекеніне барып, ауызсу қоймаларындағы құрылыс жұмыстарының жағдайымен танысып, сапасын тексерді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.  

Сонымен қатар, аудан басшысы су құбыры өтіп жатқан аталған елдімекендердің көшелерін арнайы аралап, жөндеу жұмыстарын бақылады.

Бүгінгі таңда, аталған су қоймаларының қалыптары құйылып, бетін жабу кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс монтаж жұмыстарының 70 пайызы орындалып, жыл соңына дейін аяқталмақ. 

Құрылыс нысандарында болған аудан басшысы ел игілігіне бағытталған істер сапалы әрі өз уақытында жүргізілуі тиістігін айтты. Сондай-ақ бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшыларына алдағы уақытта құрылыс жұмыстарының барысын арнайы өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді. 

Еске сала кетсек, аудандағы 68 елдімекеннің 42-сі, яғни 61,8%-ы орталықтандырылған ауызсумен қамтылған. Аймақты табиғи газбен қамту көрсеткіші қазіргі таңда 76,1 пайызды құрайды. Сапалы электрмен қамту бойынша өткен жылы жалпы 18,3 шақырым электр желілері, 1043 электр бағаналары, 15 дана трансформатор орнату жұмыстары жүргізілген.


Заңсыз қоқыс орны ғарыштан анықталады
Түркістанның жасыл белдеуі ұлғайып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу