Грант арқылы сабын цехын ашты

Oinet.kz 04-07-2023 177

5.jpg 

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы - белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталған.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, ұлттық жоба аясында, Төлеби ауданы Ақбастау ауылының тұрғыны Болатбек Доскулов мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсібін ашты. Жеке кәсіпкер 2023 жылы грант берудің 1-ші легінде 1 млн. 380 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болып, сабын өндіру цехын іске қосты. 

Бүгінде кәсіпкер бір адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкердің айтуынша, жергілікті сабын өндірісіне бағасы қолжетімді болуына байланысты сұраныс көп. 

«Қайтарымсыз грант – аудан тұрғындарына кәсіп бастауға үлкен көмек. Мен алдымен арнайы кәсіпкерліктін курсын оқыдым, сосын осы сабын өндірісін зерттеп, курсын оқып шықтым. Еңбектің наны тәтті дейді. Еңбексіз адам арманына жете алмайды. Алдағы уақытта осы кәсібімді дамыту мақсатында соңғы үлгідегі заманауи аппараттарды алып, кәсібімді одан әрі дамытуды көздеп отырмын», - дейді кәсіпкер.


«Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап»
Кентаудың жылу орталығы қайта жаңғыртылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу