Түркістанда 20 қабатты үйлер салынып жатыр

Oinet.kz 11-07-2023 277

39.jpg

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы ең биік екі нысанның құрылыс барысымен танысты. Өңір басшысы алдымен паркингі бар 20 қабатты тұрғын үйде болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған үйдің құрылысы 2021 жылы басталған. Жалпы құрылыстың ауданы – 7461,15 шаршы метр. Үйдің құрылысы тамыз айында аяқталады деп көзделген. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 80%-ға аяқталған. Сыртқы фасад –100%, ішкі әрлеу жұмыстары – 30%, инженерлік желілер – 100%, монолит жұмыстары толығымен аяқталған. Материалдар 100 пайыз жеткілікті. 

Дархан Сатыбалды одан кейін әкімшілік ғимараты бар 20 қабатты тұрғын үйдің құрылыс барысын көрді. Жалпы құрылыстың ауданы – 14 127,75 шаршы метр. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 70%-ға аяқталған, инженерлік желілерді тарту – 80%-ға аяқталған. Техникалық қабатта монолиттік және 19 қабатта қабырғаларды қалау жұмыстары жүргізілуде. 

Өңір басшысы қос мердігерге де жұмысты ширатуды және жылдамдатуды тапсырды. 

– Қандай мәселелер бар? Әкімшілік тарапынан қандай көмек керек? Ұсыныстарды тыңдауға дайынбыз. Сіздер өз тараптарыңыздан жобаны сапалы әрі уақтылы аяқтаңыздар. Үйлердің сапасы қатаң қадағалауда тұр. Абыройға жұмыс істеңіздер, – деді облыс әкімі. 

20 қабатты қос үйдің құрылысы биыл аяқталады деп жоспарланып отыр. 


«Ауыл аманаты»: Бөлінген қаржының бестен бірі Түркістан облысына тиесілі
Сайрамда тері өңдейтін зауыт салынбақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу