Дербісекте мектеп құрылысы басталды

Oinet.kz 11-07-2023 336

359504296_4423748074536611_8017472382792660059_n.jpg

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде жаңадан салынып жатқан 900 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Айта кетсек, аталған мектепке елді мекен шегіне енген 70 га жерден «Жайлы мектеп» құрылысын жүргізу үшін 3 га жер телімі ажыратылып, құрылыс жұмыстарына «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы тарапынан қаржы бөлінген. Қазіргі таңда мектептің құрылыс алаңының жерлерін тегістеу жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан әкімі Арман Абдуллаев мердігер мекеме өкіліне құрылысты жобаға сәйкес мерзімінде жүргізіп, құрылысты сапалы аяқтауды тапсырды.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округі аумағындағы ұзындығы 3 шақырымды құрайтын «Ескі құлақ» каналын механикалық тазалау жұмыстарының барысын да бақылап қайтты. 

Бұл жұмыстар су беру маусымында өз тиімділігін көрсетіп, егістікке баратын ағын су шығынын азайтуға мол септігін тигізбек.

Бүгінгі таңда аталған канал облыстық «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және Сарыағаш аудан әкімдігімен біргелікте механикалық тазалаудан өткізілуде.

Ағымдағы жылы аудан көлеміндегі егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсарту мақсатында 163 шақырым су нысандарын механикалық тазалаудан өткізіу жоспарлануда.


Өзбекстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
Төлеби ауданы: Кірісті көбейту мәселесі талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу