Ордабасы: Қысқа дайындық басты назарда

Oinet.kz 11-07-2023 440

55.jpg

Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақовтың төрағалығымен өткен апталық мәжілісте жылыту маусымы және қатты отынмен қамту мәселесі талқыланды. Аудан басшысы жауапты мекеме басшыларына жылыту маусымына дайындықтарын сапалы жүргізуді тапсырды. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Күн тәртібіне қаралатын бірінші мәселе: Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашлық, жолаушылар көлігі, автомабиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ермұхаммед Құралбековтың аудан көлеміндегі мемлекеттік мекемелердің (мектеп, бала-бақша, аурухана және мәдениет ошақтар мен спорт нысандары) жылыту маусымына дайындығы және жылыжайларды қатты отынмен қамтамасыз ету бойынша баяндама жасады. Одан соң ауылшаруашылық, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлім басшысы, адами әлеуетті дамыту мен Орталық аурухананың жылыту маусымына дайындықтарын пысықтауды тамыз айының басына дейін бітіруді және кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырып арнайы құрылған жұмысшы топпен бірге тасымал мәселесін назардан тыс қалдырмауды тапсырды. 

-Өткен жылдың қателігі қайталанбауы тиіс. Әсіресе әлеуметтік нысандар, мектептер, денсаулық сақтау мекемлері 100 пайызға дайын болуы керек. Әрбір ғимаратты тексеріп, жұмыс жүргізілсін. Қатты отынмен қамту мәселесі бойынша былтырғы қателік қайталанбауы тиіс. Жұмысты жауапкершілікпен атқарыңыздар - деді аудан әкімі Нұрбек Бадырақов.

Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімінің ауданға келген іс-сапарында және аудан әкімінің ауыл округтерді аралау кезіндегі айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалу барысы бойынша аудан әкімінің аппарат басшысы Мейрамбек Ақмұратов баяндап, өз уақытында жауап бермеген бөлімдерге шара көру жөнінде ұсыныс білдірді. Бұдан былай әлеуметтік желіге түскен әрбір өтініштерге өз уақытында нақты жауап берілмесе тиісті бөлім басшысына шара көру жөнінде тапсырма берілді.


Мәжіліс депутаттары-Бәйдібек ауданында
Түркістан облысында сапалы жолдың үлесі артты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу