Мәжіліс депутаты келестіктермен кездесті

Oinet.kz 14-07-2023 142

7.jpg

Келес ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Тимур Қырықбаев іссапармен келді. Мәжіліс депутатына аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев өңірдің ахуалын баяндап, өзекті мәселелерді шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

- Келес ауданы - агрошаруашылыққа бейім өңірлердің бірі. Мұндағы өзекті мәселелер бойынша кешенді шаралар атқарылып, жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жайылым жер, ескірген инфрақұрылымдарды жаңарту, тұрғындарды кәсіпкерлікке баулу сынды жұмыстар қарқынды атқарылып келеді. Жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыруда өздеріңіздің демеулеріңіз қажет. Бұл бойынша алдағы уақытта талқылаулар өткізетін боламыз, - деді Жәнібек Есенұлы. 

Сонымен қатар, Тимур Қырықбаев «Amanat» партиясының Келес аудандық филиалында аудандық мәслихаттың депутаттарымен, жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесіп, түйткілді мәселелерді шешу бағытында көмек берілетінін жеткізді. 

Одан бөлек, депутат жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың мәселелерін тыңдады. Жеке қабылдау кезінде аудан тұрғындары тарапынан мектептерді жөндеуден өткізу, жер және ауылшаруашылығы бағытындағы көмектер мен әлеуметтік мәселелер айтылды. Әр айтылған мәселені назарға алған халық қалаулысы алдағы жұмыс жоспарына енгізетіндігін жеткізді. 


Балық шаруашылығын қолдау жалғасады
Жұмыспен қамту орталықтары трансформацияланады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу