Түркістан: Бөлім басшылары сектор тұрғындарымен кездесуде

Oinet.kz 18-07-2023 230

63.jpg

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тапсырмасымен бөлімдер сектор тұрғындарымен кездесуін бастаған болатын.  24 шілдеге дейін жалғасатын кездесулер секторлардың ғимаратында, ашық алаңдарда өтуде. Бұл туралы Түұркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.    

Соның бірі Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Арман Оңалханұлы Бекзат секторы тұрғындарымен кездесті. 

Азаматтар толғандарған сауалдарын қойып, бірқатар мәселелерін көтерді. 

Көше жарықтандыру жүйелері бойынша қойылған сауалға бөлім басшысы биылғы жоспар мен атқарылған жұмыстар бойынша жеткізді. 

Биыл шаһарда 272 көшеге жарықшам орнату жоспарланған.

Жұмыстар басталғалы Бекзат секторында 3 шақырымды құрайтын 4 көшеге тас төселді, 49 көшеге жарықшаммен қамтылды. Сондай-ақ, 2,2 шақырым жолға жаяу жүргінші жолы салынып, сектор 5 аялдамамен толықты. 

Тұрғындармен кездесу өткізген - "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің" басшысы Элмира Тұңғышбайқызы бөлімде көрсетілетін көмектер бойынша түсіндірме жүргізді. 

Сауран секторында өткен аталған кездесуде қалалық "Мансап орталығының" директоры Еркебұлан Шыңғысбаев атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру әдістері бойынша жеткізді. 

Сондай-ақ, бекітілім бойынша қалалық Құрылыс бөлімі мен Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің мамандары сектор тұрғындарымен ашық алаңда кездесіп, бірқатар ұсыныстар талқыланды. Тұрғындарды сауалдарына тұшымды жауап берді.


Сауран: Ағын су бойынша жұмыс тобы құрылды
Түркістан: Ауылға 26 мың кітап берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу