Созақ: Мәжілісте ауыз су мәселесі талқыланды

Oinet.kz 19-07-2023 238

66.jpg

Созақ ауданының  әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан көлемінде қолға алынып, атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтау мақсатында лездемелік жиын өткізді. Онда ауданда жүріп жатқан жол, ауыз су, көше жарықтандыру, құрылыс нысандары, қысқы маусымға дайындық шаралары мен санитарлық тазалық сақтау жұмыстарына жеке дара тоқталып өтті. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

-Ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Істеліп жатқан жұмыстарға тиянақтылық пен қарап, қадағалауда ұстау керек. Әлі де болса шешімін қажет ететін өзекті мәселелер көп. Қысқы жылу маусымына дайындық шараларын күшейту керек. Бұдан бөлек, ауылдарды аралау барысында бірқатар ауылдық округтерде ауыз су уақытпен ғана берілетінін айтып, жетіспеушілік мәселелері жиі көтерілуде. Тұрғындарға жаздың аптап ыстығында суды тұрақты түрде беру керек. Бұл мәселені шешу үшін аса көп қаржыны немесе күштік құрылымды талап етпейді. Тек жұмысты үйлестіре білу қажет, -деген аудан басшысы жауапты сала мамандарының жұмыстарын сынға алды. Сондай-ақ аталған мәселені хаттамалық тапсырмаға енгізіп, бұған дейінгі жүктелген тапсырмалармен қоса белгіленген мерзімінен кешіктірмей орындауды қатаң ескертті. 

Сонымен қатар, тұрғындар қажеттілігіне орай туындаған басқада өзекті мәселелерге тоқталып, сала орынбасары мен жауапты мамандарға қосымша тапсырмалар жүктеді.


Жеңілдетілген несие корпорация арқылы беріледі
Созақ: Тұрғындардың ұсынысы назарға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу