Ел тұрақтылығы – басты құндылық

Oinet.kz 23-10-2025 106

Ауданда «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында «Елдегі ішкі тұрақтылықты сақтауда құқықтық, саяси және діни сауаттылықтың, зайырлылық принциптердің алатын орны және рөлі» тақырыбында кездесу өтті.

1000494486.jpg

Іс-шараға аудандық ақсақалдар кеңесі мен аналар кеңесінің мүшелері, этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, дін саласының қызметкерлері, әскери қызмет саласы мамандары, ауыл билері және жастар қатысты.

Кездесуде облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хасан Исақов құқықтық және діни сауаттылық, сондай-ақ әскери міндеттілік тақырыптарында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиын барысында қатысушылар ел бірлігін сақтау, діни төзімділік пен азаматтық жауапкершілік қағидаттарын нығайту бағытында өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. 

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан: Полиция ұстаздар мен ата-аналармен мәселе талқылады
​ «Ауылым – арыс жағасында» атты өнер мен руханият тоғысқан фестивальдің финалы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу