Қауіптің алдын алу – жауапкершіліктен басталады

Oinet.kz 15-09-2026

image.png

Шымкентте «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қауіпсіздік талаптарын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Осы бағытта Шымкент қаласы прокуратурасында «Әкімшілік ғимараттардағы өрттерді сөндіру және қауіпсіздік шаралары» тақырыбында тәжірибелік құқықтық сабақ өтті.

Іс-шараның мақсаты – әкімшілік ғимараттарда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт болған жағдайда қызметкерлердің дұрыс әрекет ету тәртібін түсіндіру. 

Мамандар әкімшілік ғимаратта өрт шыққан жағдайда атқарылуы тиіс алғашқы әрекеттерге тоқталды. Қызметкерлерге адамдарды қауіпсіз жерге шығару, өрт туралы тиісті қызметтерге жедел хабарлау, эвакуация кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау және төтенше жағдай кезінде сабырлы әрекет ету қажеттігі түсіндірілді.

Сабақ барысында өрттің алдын алуға қатысты талаптарға да назар аударылды. Электр құралдарын пайдалану, эвакуациялық шығу жолдарын бос ұстау, өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын бақылау және ғимараттағы қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері айтылды. Мұндай шаралар төтенше жағдай орын алған кезде ғана емес, оның алдын алу кезеңінде де маңызды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары теориялық түсіндірумен шектелмей, өрт кезінде көрсетілетін құтқару шараларын тәжірибелік тұрғыда көрсетті. Қызметкерлерге төтенше жағдайда қандай тәртіппен әрекет ету керектігі нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

«Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамдағы қауіпсіздік пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруды да қамтиды. Бұл ретте қауіпсіздік талаптарын сақтау – әр қызметкердің жауапкершілігіндегі маңызды міндеттердің бірі. Құқықтық нормалар мен белгіленген қауіпсіздік талаптарын білу төтенше жағдайлардың алдын алуға және адам өміріне төнетін қауіп-қатерді азайтуға мүмкіндік береді.

Осындай практикалық сабақтар қызметкерлердің құқықтық және қауіпсіздік сауаттылығын арттырып, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Алдын алу шараларының жүйелі жүргізілуі әкімшілік ғимараттардағы қауіпсіздік деңгейін күшейтіп, қызметкерлер мен келушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

Оқушыларға құқықтық жауапкершілік түсіндірілді
Шымкентте автокөліктердің зиянды шығарындылары тексерілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу