Жолдағы тәртіпті бірге қалыптастырайық!

Oinet.kz 29-09-2026

image.png

Шымкент қаласының прокуратурасының бастамасымен «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған профилактикалық шара» жобасы аясында жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жолдағы тәртібін арттыру және жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру. Түсіндіру барысында жолдағы қарапайым талаптарды орындаудың адам өмірі мен денсаулығы үшін маңызына назар аударылды.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бұл шара «Заң мен тәртіп» қағидатын күнделікті өмірде орнықтыруға бағытталған. Себебі жол қозғалысы ережелері – барлық қатысушыға ортақ талап. Жүргізушінің жылдамдықты сақтауы, жаяу жүргіншіге жол беруі, бағдаршам талабына бағынуы немесе жаяу жүргіншінің белгіленген жерден өтуі сияқты қарапайым әрекеттер жолдағы қауіпсіздікке тікелей әсер етеді.

Профилактикалық шараның басты міндеті де құқық бұзушылық орын алғаннан кейін жауапкершілікке тартумен шектелмей, оның алдын алуға бағытталған. Жолдағы тәртіпті сақтау әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады. Бір адамның ережені елемеуі өзіне ғана емес, айналасындағы басқа жол қозғалысына қатысушыларға да қауіп төндіруі мүмкін.

Сондықтан жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес. Бұл бағытта тұрғындардың да саналы көзқарасы маңызды. Заң талаптарын сақтау арқылы әр азамат жолдағы қауіпсіз ортаға өз үлесін қоса алады.

Жол ережесін сақтау – айыппұлдан немесе жауапкершіліктен қорқу емес, ең алдымен адам өміріне деген құрмет. «Заң мен тәртіп» қағидатының күнделікті өмірдегі мәні де осындай қарапайым, бірақ маңызды талаптардың орындалуынан көрінеді.

Жол ережесін сақта – өзіңнің де, өзгенің де өмірін сақта!

Тазалық пен тәртіп – ортақ жауапкершілік
Құқықтық сауат – қауіпсіз ортаның негізі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу