Жазасын өтеп жатқан әйелдерге тегін құқықтық көмек көрсетілді

Oinet.kz 02-10-2026

image.png

Шымкент қаласының Әділет департаменті  «Заң мен тәртіп» қағидаты  аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және білікті заң көмегіне қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Бұл ретте жазасын өтеп жатқан азаматтардың да құқықтық ақпараттан хабардар болуы назардан тыс қалмайды.

Осы мақсатта Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №78 мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйелдерге тегін құқықтық көмек көрсету іс-шарасы ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі бағыты – азаматтарға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, заң талаптарын жеткізу және құқықтық мәселелерін шешудің заңды жолдарын көрсету.

Іс-шара барысында сотталған азаматшалар өздерін толғандырған мәселелерін мамандарға айтып, жеке кеңес алды. Құқықтық консультация кезінде қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты сауалдарға жауап берілді. Сонымен қатар әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша қажетті ақпарат ұсынылды.

Мамандар азаматтарға өз құқықтарын қорғаудың заңды тетіктерін түсіндіріп, қандай жағдайда қай органға жүгінуге болатыны жөнінде бағыт-бағдар берді. Құқықтық көмек алудың қолданыстағы мүмкіндіктері де таныстырылды. Бұл азаматтардың өз мәселесін шешуде заңсыз әрекетке немесе бейресми жолдарға жүгінбей, белгіленген құқықтық тәртіпті ұстануына мүмкіндік береді.

Құқықтық сауаттылық адамның өз құқығын білуімен шектелмейді. Заңда белгіленген міндеттерді орындау, белгіленген тәртіпті сақтау және даулы жағдайларды құқықтық жолмен шешу де азаматтық жауапкершіліктің бір бөлігі. Осы себепті құқықтық түсіндіру жұмыстарының жүйелі түрде жүргізілуі маңызды.

Кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша мамандар нақты түсініктемелер беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап қайтарды. Азаматтарға қажет болған жағдайда құқықтық көмекке жүгіну тәртібі түсіндірілді.

Заңды білу – құқықты қорғаудың алғашқы қадамы. Ал өз құқығы мен міндетін білетін азамат заң талаптарын сақтауға және қоғамдағы тәртіптің нығаюына өз үлесін қоса алады.

Құқықтық көмек – азаматтың заңды жолдағы қорғаны
Тұрғындармен құқықтық мәселелер бойынша кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу