Шымкентте жастарға құқықтық қолдау көрсету жөнінде меморандумға қол қойылды

Oinet.kz 16-10-2026

image.png

Шымкент қаласында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және оларға заңгерлік көмек көрсету бағытындағы ынтымақтастық нығая түспек. Осы мақсатта қалалық Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Шымкент қаласының заң консультанттары палатасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында жасалды. Тараптар жастардың құқықтық білімін жетілдіруді, заң мәселелері бойынша кеңес беру мүмкіндіктерін арттыруды және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруды көздейді.

Құқықтық сауаттылық – жас азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуіне, заң талаптарын дұрыс түсінуіне және түрлі өмірлік жағдайда сауатты шешім қабылдауына негіз болады. Әсіресе еңбек қатынастары, білім алу, тұтынушы құқығы және өзге де күнделікті мәселелер бойынша қажетті ақпаратқа қол жеткізу жастар үшін маңызды.

Меморандум аясындағы ынтымақтастық жастарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес алуға және заңнама талаптары туралы ақпараттануға көмектеседі. Сонымен қатар бірлескен жұмыстар арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заңға құрметпен қарау ұстанымын нығайтуға басымдық беріледі.

«Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз етумен қатар, әр азаматтың өз құқығы мен жауапкершілігін түсінуін көздейді. Осы бағыттағы бастамалар жастардың құқықтық білімін толықтырып, олардың қоғамдық өмірге саналы әрі жауапты қатысуына ықпал етеді.

Жастар ресурстық орталығы мен заң консультанттары палатасының ынтымақтастығы құқықтық кеңес беру мен түсіндіру жұмыстарын дамытуға бағытталған. Меморандум тараптардың осы саладағы өзара іс-қимылын жүйелеуге негіз болады.

«Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғам кепілі»: жастармен кездесу өтті
«Өмір – баға жетпес құндылық»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу