Сарыағаш ауданында бейберекет жүруге болмайды

Oinet.kz 04-04-2020 720

сарпост.jpg

Сарыағаш ауданында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен сақтық шаралары қатаңдатылуда. Осы бағытта аудан әкімі Мұхит Отаршиевтың қатаң бақылауымен Сарыағаш ауданының шекараларына тәулік бойы жұмыс істейтін бақылау бекеттері орнатылды. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының басппасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде аудан аумағына азық-түлік, құрылыс және медициналық жағдайдан басқа мәселемен жүрген тұрғындардың кіріп-шығуы шектелді.

Бақылау бекеттері Жылға ауылдық округіне қарасты Шеңгелді елді мекенінде,Таскескен елді мекенінің Келес ауданымен шектесетін тұсына және А-15 республикалық маңызы бар тас жолының бойындағы Қазығұрт ауданымен шекаралас жатқан Атамекен елді мекенінде орналасқан. Онда ауданның жергілікті полиция және денсаулық сақтау мамандары басқа қаладан және көрші аудандардан келген өткінші әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғылармен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, қатаң тексеріп өткізуде. 

Барлық бақылау бекеттерінде әкімдік тарапынан үш мезгіл ыстық тамақпен, медициналық бетперде, қолғап, тепловизормен толықтай қамтылып отыр.

Полицейлер 30 блокпостты да қадағалайды
Жетісай полицейлері түнгі рейдте де түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу