Тергеуші тұрғындарды телефон алаяқтарына сенбеуге шақырады

Oinet.kz 06-04-2020 543

Серик Абдиев.jpg

Түркістан облысында қырағылығымен танылып, қылмысты болдырмау мен алдын алу мақсатында аянбай еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлері көп. Күн-түн демей қоғам тыныштығы жолында қызметте жүрген сондай жанның бірі – Серік Әбдиев. 

Серік Ғаппарұлы Түркістан облысы Төлеби ауданындық полиция бөлімінде аға тергеуші болып қызмет атқарады. Жедел-іздестіру және басқа да тиісті орындармен тығыз байланыс орнату арқылы істің ақ-қарасын ажыратады. Басты ұстанымы – ар алдындағы адалдық.

– Әр қылмыстық істің артында адам тағдыры тұр. Сондай үлкен жауапкершілік үшін ақиқаттың ақ жолынан ауытқымай қызмет атқару кез келген адамның қолынан келе бермейтіні шындық. Осындай ауыр жұмыстың жүгін арқалаған тергеушінің әр күні ғана емес, әр сағатының өзі қымбат, – дейді ол.

Тергеушіні соңғы кездері бөтеннің мүлкін ұрлау мен алаяқтық қылмысының көбейіп кеткендігі қатты алаңдатып отыр. Ел ішіндегі біршама оқиғаларға куә болған подполковник көпшілікті телефон мен интернет алаяқтарына алданып қалмау  қажеттігін ескертеді.

– Халықтың сенгіштігін пайдаланатын алаяқтар, әртүрлі айла тәсілге салып, қарапайым тұрғындарды сан соқтырып жатыр. Өткен жылдары Төле би ауданының үш тұрғыны телефон алаяқтарының құрбаны болды. Алдап хабарласқан Тараздыққа олар 360 мың, 320 мың, 100 мың салып жіберген. Тергеу нәтижелері бойынша іс толығымен ашылып, алаяқ өз жазасын алды. Сондықтан, кез келген телефон қоңыраулары мен хаттарға сене бермеуге шақырамын – дейді тергеуші. 

Дәретханада марихуана сақтаған күдікті ұсталды
Түркістанда жезөкшелер мен оларды ұйымдастырушы қамауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу