Мас хәлде машина айдап ұсталды

Oinet.kz 07-04-2020 544

85083213_826937984448558_3390241201125851136_o.jpg

Түркістан облысының полицейлері Сарыағаш ауданында жүргізуші куәлігінсіз мас халде көлік басқарған тұрғынды ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп тұрады. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының полицейлері осындай кезекті рейдтік іс-шаралар барысында түнгі уақытта аудан көшелерін патрульдеп келе жатып күдік туғызған автокөлікті тоқтатады.

Автокөлік иесінің құжаттарын тексере келе жүргізушінің мас халде және құжатсыз екендігін анықтайды. Белгілі болғандай жүргізуші 8 ай бұрын көлік басқару құқығынан айырылып, жауапкершілікке тартылған. Ендігі кезекте ол өз әрекетінен сабақ алмай, мас халде көлік басқарып, өзінің заңсыз әрекетін екінші рет қайталап отыр.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркелді.

Жол ережесін бұзған жүргізушінің мас халде болу дерегін анықтау үшін жүргізілген медициналық зерттеудің қорытындысына сәйкес, «жеңіл дәрежелі мастық» екені расталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған құжаттар сотқа жолданды. 

Негізінде жол-көлік оқиғалары көбіне осылай рөлге мас күйде отыру салдарынан болады. Сондай-ақ жиі жол апатын тудыратын жайттар: жылдамдықты асыру, маневр жасау ережесін бұзу, көше қиылыстарын дұрыс өтпеу, қарсы бағытқа шығу. Жаяу жүргінщілер мен жолаушылардың да жолда жүру ережесін бұзуы жол-көлік оқиғасына әкеп соғады. Сондықтан жолда жүргенде жол ережесін сақтау көлік жүргізушісіне де, жолаушыға да, жаяу жүргіншіге де қатысты. Ең бастысы ішімдік ішіп көлік тізгіндемеңіз. Бұл өз өміріңізбен қатар, өзгеніңде өміріне қауіпті болмақ.

Полицейлер есірткіқұмарды бір келі марихуанасымен ұстады
Полицейлер алаяқтарға алданып қалмауға шақырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу