Сарыағашта притон ұстаған жеңгетай мен жезөкшелер қамауға алынды

Oinet.kz 14-04-2020 603

женгетай.jpg

Түркістан облысы полицейлері Сарыағаш ауданында жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру жайтын анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.

Түркістан облысы ПД КПБ-на Сарыағаштық тұрғын арызданған. Ол өзінің арызында Сарыағаш қаласында жеңіл жүрісті қызмет көрсететінін саунаның барын айтып, онда жеңгетайлық орын алып жатқаны туралы хабарлаған. Аталған жайт Түркістан ПД КПБ-мен ҚР ҚК-нің 309-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру тізіліміне енгізілді.

Тұрғынның хабарламасын ала салысымен заңсыздыққа жол бермеу, істің толық мән-жайын анықтау мақсатында Түркістан облысы ПД КПБ-ның қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде шынында Сарыағаш қаласындағы аталған саунаның жұмыс жасап тұрғаны анықталып, жеңгетайлық жасаған жас қыз ұсталды. Оған қоса, саунада Өзбекстан Республикасының 2 азаматшасы мен Шымкент қаласының бір тұрғыны ұсталып, қызмет көрсететіні айқындалды. Олардан айғақты зат ретінде ақша тәркіленіп алынды

Осы жоғарыда көрсетілген Өзбекстан Республикасының азаматшалары Сарыағаш АПБ-не жеткізіліп, азаматтарды қабылдап тарату орнына қамалды. Сондай-ақ сауна әкімшілігіне ҚР ӘҚБтК-нің 476-«Төтенше жағдай режимін бұзу» бабымен хаттама толтырылды.

Қазіргі уақытта аталған жайт "Жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары қазіргі таңда істің толық мән-жайын анықтауда.

Полицейлер жоғалған ауыл тұрғынының жылқыларын тауып берді
Блок-постта полицейге қол жұмсаған тұрғын тұтқындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу