Полицейлер шаруаларды арзан мал алмауға шақырды

Oinet.kz 29-04-2020 653

тулпол.jpg

Түлкібас аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындардың құқықтық сауаттарын арттыруларына көмектесіп, төтенше жағдай тәртібін түсіндіріп қана қоймай, олардың үйлеріне барып, үй жануарларын міндетті түрде құжаттандыру қажеттігін ескертуде. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабаралады.

Түлкібас аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығының алдын алу, болдырмау мақсатында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізіп келеді. Түлкібастық тәртіп сақшылары қорасында малы бар әрбір тұрғынның үйіне барып, үй жануарларын міндетті түрде құжаттандыру қажеттігін ескертуде. Оған қоса тұрғындарға түнгі уақыттар да арзан бағамен мал сатып келгендерден алмауды, бір күдікті байқай қалсаңыз, полицияның "102" нөміріне немесе учаскелік полиция инспекторларының жеке нөмірлеріне хабар беруіне кеңес берді.

Сонымен қатар, мал шаруашылығымен айналысатын азаматтарға қора-жайларының мықты материалдармен бектілуін, төрт түліктерін қараусыз қалдырмауын, ен таңбаларын салдыртуын ескертеді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттарда да өз жалғасын таппақ.



Түркістан облысында 93 тұрғын қамауға алынды
Бір өзі бірнеше қылмыс жасаған жігіт ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу