Полицейлер 3 күнде 18 құқықбұзушылықты анықтады

Oinet.kz 23-04-2020 641

кентпол.jpg

Кентау қаласы полицейлері карантин енгізілген уақыттан бері 18 азаматты жауапқа тартты. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаменті хабарлады.

18 сәуірден бастап Түркістан облысының барлық аумағында карантин енгізілуне байланысты полицейлер күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және төтенше жағдай режимін бұзуға жол бермеуді тұрақты бақылауда алған.
Соның ішінде, Кентау қаласында да полицейлер тарапынан қарқынды жұмыстар жасалуда. Небары үш күннің ішінде полицейлер 18 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Карантин режимін сақтамай, көшеде себепсіз жүрген азаматтардың 6-уы соттың шешімімен 5 тәулікке қамауға алынса, 7 азаматқа ескерту берілді. Ал, 4 азаматқа айыппұл салынған. Қалған тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар нақты шешім шығарылу үшін сотқа жолданды.
Карантинді бұзушылардың іс-әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша тіркеліп, осылайша әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Тәртіп сақшылары тұрғындар мен қонақтарға енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды және төтенше жағдай кезінде бекітілген карантин талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Аса қажеттілік туындамаса үйден шықпаңыздар. Үйден шықпай сақтанғандарыңыз, бірінші кезекте өз денсаулықтарыңыздың кепілі болмақ.



Адамдардың атынан онлайн несие алып жүрген алаяқ ұсталды
25 мың теңге ұрлап, полицияның қолына түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу