Бұқа ұрлаған күдіктілердің басқа да қылмыстары ашылды

Oinet.kz 22-04-2020 575

сайпол.jpg

Сайрам ауданының полицейлері 2 бұқа ұрлаған күдіктілерді ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл басында Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Ол арызында, түнгі уақытта белгісіз тұлғалар үйінің ауласында орналасқан қорасынан 2 бас бұқасын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалағанын көрсетті. Аталған жайт ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша СДТТБТ-ға тіркелді. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 300 мың теңгені құрады.
Оқиға орнына келген Сайрам ауданының полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақтар мен жайылымдарды аралап, ауыл тұрғындары мен куәгерлерден жауап алып, күдіктілердің жеке басын анықтау бойынша басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысты Сайрам ауданының екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Анықталғандай, жас жігіттер үй малын ұрлаумен ғана емес, сондай-ақ басқа да пайдаға асатын заттарды да ұрлаған. Мәселен, ұрылар ауыл тұрғындарының ауласына заңсыз кіріп, оның сарайынан 30 литрлік самаурынды жымқырған. Күдіктілер ұрланған заттарын сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Осындай жағдай орын алып, бағалы заттарыңызды ұрлап кетпеу үшін, Түркістан облысының полицейлері ескертеді. Өз заттарыңызға, бағалы, құнды мүліктеріңізге, төрт-түліктеріңізге қырағы болып, сақтық шараларын қолданыңыздар. Сондай-ақ мүмкіндігінше тұрғын үйлер мен дүкендерде бейнебақылау камералары орнатыңыздар. Ұрлық болған жағдайда шұғыл «102» телефоны бойынша полицияның көмегіне жүгіну керек. Бұл полиция қызметкерлеріне күдіктілерді жедел ұстауға және қылмыстың "ізін суытпай" ашуға көмектеседі.



25 мың теңге ұрлап, полицияның қолына түсті
Тыйым салынған материалдарды таратқаны үшін айыппұл төледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу