Түркістан облысының полицейлері сора егумен айналысқан күдіктіні анықтады

Oinet.kz 18-05-2020 573

сора.jpg

Ордабасы ауданында полиция қызметкерлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірумен айналысып жүрген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудандық Полиция бөліміне Шұбарсу елді мекені тұрғынының есірткі өсірумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полицейлер қарасора егумен айналысатын күдіктіні құрықтады.

Жедел уәкілдер, күдіктінің үйінің ауласын тінту кезінде өзіне тән айрықша иісі бар, есірткі затына ұқсас 20-дан астам түп өсімдікті тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, айғақты зат ретінде алынған 21 түп өсімдік, құрамында есірткі заты бар "сора" өсімдігі болып шықты. Аталған жайт СДТТБТ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабы "Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тіркелді. Күдікті қолхатта. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның толық мән-жайын және күдіктінің тыйым салынған құрамында есірткі бар өсімдікті қандай мақсатта өсіргенін анықтауда.

Жыл басынан бері Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қалалық және аудандық полиция бөлімшелерімен бірлесіп, есірткіге байланысты 150-ден астам құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 60-тан астам есірткі қылмысы, 90 теріс қылық және 9 әкімшілік құқық бұзушылық. Қылмыстық жауапкершілікке 30-дан астам адам тартылды, оның 6-ы есірткі өсімдіктерін заңсыз еккен. Заңсыз айналымнан 20 кг астам есірткі және 6 мыңға жуық құрамында есірткі заты бар өсімдіктер алынды.

Сонымен қатар, жастар арасында есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оқу орындарының студенттері мен оқушыларының қатысуымен 20-дан астам профилактикалық іс-шаралар мен түсіндіру жұмыстарын өткізген.

Шардара полицейлері көлікті заңсыз айдап кеткен мас күдіктіні ұстады
Түйе ұрлаған күдіктіні кентаулық полицейлер ұстады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу