Жүргізу құқынан айырылса да мас хәлде көлік басқарып қолға түсті

Oinet.kz 15-05-2020 689

98260249_892584047883951_9072056477841096704_o.jpg

Түлкібас ауданында полицейлер мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде енгізілген карантинге байланысты күшейтілген кезекті жұмыс күнінің бірінде, Түлкібас аудандық Полиция бөліміне Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Қалмұрат Кендирбаевтан хабарлама келіп түсті. Оның айтуынша сағат 17:40 шамасында Жабағылы ауылында рейдтік іс-шара жүргізіп, қызмет атқару барысында «Volkswagen» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде жүргізушінің спирттік ішімдік ішіп алғаны байқалды.

Сонымен қатар, құжаттарын тексеріп қараған кезде, жүргізуші 2017 жылдың қыркүйек айында Түлкібас аудандық сотының шешімімен 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Алайда көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайта ішімдік ішіп көлік басқарғаны айқындалды. Медициналық сараптамаға сәйкес, жүргізуші «орташа» дәрежеде мас халде болған. Жүгенсіз жүргізуші Түлкібас АПБ-не жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жалпы, Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері күнделікті күшейтілген режимде қызмет жасап, жол жүру ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуде. Негізгі мақсат-түрлі жол-көлік оқиғаларын болдырмау, оған қоса облысымыздағы коронавирус індетіне байланысты жарияланған карантиннің талаптарын орындау. Яғни, адамдар көп шоғырланбауын, түнгі уақытта себепсіз жүрмеуін бақылауда ұстау.

Түйе ұрлаған күдіктіні кентаулық полицейлер ұстады
Ұрыларды ұстаған полицейлерге алғыс айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу