Полицей 3 жасар қызды тауып, ата-анасына қайтарды

Oinet.kz 27-05-2020 641

сарбалатабу.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің полицейлерге қоятын басты талаптарының бірі – халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнату. Мұның жарқын үлгісін бүгін сарыағаштық тәртіп сақшысы көрсетті.

Бүгін шамамен сағат 10.30-да Сарыағаш қаласындағы орталық базарлардың бірінде Сарыағаш аудандық Полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторы полиция лейтенанты Майра Елемесова жалғыз өзі адасып, жылап жүрген кішкентай қызды байқаған. Полицей ару 3 жасар қыздан оның ата-анасы қайда екенін сұрай бастайды, содан кейін адасқан қызмен бірге оларды іздеуге шықты.
Шұғыл іс-шаралар нәтижесінде, жарты сағат ішінде ювеналды полиция инспекторы М.Елемесова қыздың анасын тауып, оған өзінен адасып қалған баласын табыстады.
Көп балалы ананың айтуынша, ол банкоматтан ақша алу үшін балаларымен бірге базарға келген. Әйел кішкентайын үлкен балаларына тапсырып кетеді, бірақ қайтып келгенінде кішкентай қызы жоқ екенін көреді. Содан әйел жоғалып кеткен қызды базардан оған жақын көшелерден іздей бастайды. 
Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция лейтенанты Майра Елемесоваға жоғалып кеткен қызының қайтып табылуына көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғысын білдірді. 

Құқық қорғау қызметкерлері қарияларға үйлеріне барып қызмет көрсетті
Тәртіп сақшылары жоғалған малды табуға көмектесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу