Адасып қалған 4 жасар қызды әкесімен табыстырды

Oinet.kz 21-05-2020 618

4жк.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің полицейлерге қоятын басты талаптарының бірі – халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнату. Осы міндетін жалғастырған сарыағаштық полицейлер адасқан қызды тауып, әкесімен табыстырды.

19 мамырда сағат шамамен 17:00 шамасында Сарыағаш АПБ-не Сарыағаш қаласындағы орталық көшелердің бірінде кішкентай қыздың жол бойында жылап тұрғаны бойынша хабарлама келіп түсті. Аталған мекен-жайға Сарыағаш АПБ ЖПҚ ювеналды полиция тобының қызметкерлері шұғыл жетті. Қыз балаға өзі жайлы толық мән-жайды сұрастырады. Нәтижесінде қыздың айтуымен оның 4 жаста екенін ғана анықталды.

Жедел әрекетке көшкен полиция қызметкерлері жақын маңдағы барлық көшелер мен үйлерді аралап, көршілер мен өтіп бара жатқан адамдардан қызын жоғалтқандар жоқ па екенін сұрастырды. 2-3 сағатқа созылған іздестіру шаралары нәтижесінде кішкентай қыздың мекен-жайы анықталды.

Белгілі болғандай 4 жасар қызы, әжесінің үйіне қыдырып келіп, ойнап жүріп, ауладан шығып кеткен. Әжесінің үйінен 200-300 метр қашықтықта кетіп қалған қыз адасқанын біліп жылай бастаған. Үй ішіндегілерде қыздың жоқ екенін біліп, оны өздерінше іздеуге кіріскен.
Өз кезегінде, қыздың әкесі Сарыағаш АПБ-нің полицейлеріне жоғалған қызын табуға көмектескені үшін шынайы алғысын білдіріп, тәртіп сақшыларының жұмысына табыс тіледі.
Түркістан облысы полицейлері ата-аналарға өздерінің балаларына қырағы болу, оларды аулаға немесе көшеге ойнаған кезде назардан тыс қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балалар мен туған-туыстарыңыз жоғалған жағдайда шұғыл "102" телефоны бойынша полицияға жүгіну керек.

Біреудің есепшотынан ақша шешіп алған поштаның бұрынғы қызметкері ұсталды
Полицейлер оқушылар мен студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу